03 маусым 2021 09:27

Аюға тап берген қыз туралы видео қайда түсірілгені анықталды

Видео кадры

Калифорнияда Хайли есімді 17 жастағы қыз иттерін құтқару үшін аюға қарсы ұмтылды. Қыз бен жабайы аң арасындағы тартыс түсірілген видео Желіде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Калифорнияда Хайли есімді 17 жастағы қыз иттерін құтқару үшін аюға қарсы ұмтылды. Қыз бен жабайы аң арасындағы тартыс түсірілген видео Желіде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнежазбада аю мен оның қонжықтары үйдің қоршауына шыққаны түсірілген. Аюлардың үй ауласына түсуіне бірнеше ит кедергі келтіруге тырысады. Нәтижесінде үй иесі аюдан өз ауласы мен иттерін қорғауға мәжбүр болды. Қыз еш ойланбастан аюға жүгіріп барып, оны қоршаудан итеріп жіберді. Кейін ол үй жануарларын жинап, үйге кіріп кетеді.

@bakedlikepie

My cousin Hailey yeeted a bear off her fence today and saved her dogs. How was your Memorial Day?! (WTF?!) ##ohno ##badass ##brave ##fight ##bear

♬ Oh No - Kreepa
Реклама
Реклама

Бір тәулікте бұл видео TikTok желісінде 9 миллион лайк пен 70 миллионнан аса қаралым жинаған. Мыңдаған қолданушы қыздың батылдығын атап өткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram