Азаматтық экипажбен ұшқан SpaceX кемесі Жерге оралды

Тікелей эфирден кадр.

Тарихта алғаш рет азаматтық коммерциялық экипажбен ұшқан америкалық SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі үш күнде оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тарихта алғаш рет азаматтық коммерциялық экипажбен ұшқан америкалық SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі үш күнде оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеме Флорида жағалауындағы Атлант мұхитына жақсы қонды. Оқиғаның тікелей эфирі Twitter-дегі Inspiration4 миссиясының парақшасында жүргізілді.

Реклама
Реклама

SpaceX ғарышкерлерді құттықтап, "Жерге оралуларыңмен" деп жазба жариялады.

Еске салайық, 16 қыркүйекте SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран тасығышы Флорида штатындағы Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылды, ол Crew Dragon кемесін орбитаға шығарды, ал экипаж мүшелері тек бейбіт тұрғындардан тұрды. Олар - жоба демеушісі кәсіпкер Джаред Исаакман, зерттеуші Сиана Проктор, дәрігер Хейли Арсенокс және АҚШ ВВС ардагері Кристофер Семброски.

Inspiration 4 деп аталатын миссия қайырымдылық сипатта болды, одан түскен қаражат балалар онкологиялық ауруларына маманданған St. Jude Children's Research Hospital ауруханасына қаражат жинауға бағытталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама