Әзербайжан Армения аумағына басып кіру туралы хабарламаға пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі өкілдері Армениямен шекарадағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі өкілдері Армениямен шекарадағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, армениялық БАҚ-та Әзербайжанның Арменияға басып кіргені туралы ақпарат нағыз "абсурд".    

"Жалғыз басқыншы және агрессор - Армения Республикасы. Армения Қарулы күштерінің жеке құрамы мен техникасы Әзербайжанның Қарабақ экономикалық аймағында әлі де бар", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Одан бөлек, ведомство мәліметінше, Армения Қарулы күштері екі ел арасындағы шекарада ауқымды диверсия ұйымдастырған. 

"Қақтығыс болды. Дашкесан, Кельбаджар және Лачин аудандарындағы Әзербайжан армиясының кейбір позициялары, баспаналары мен тірек пункттері Армения Қарулы күштерінің бөлімшелерімен қарқынды атысқа ұшырады", - делінген Әзербайжан әскери бөлімінің сайтында жарияланған хабарламада.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі республика Қарулы Күштерінің жеке құрамы арасында шығын барын, әскери инфрақұрылым бүлінгенін мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, атыс әртүрлі калибрлі қарудан, соның ішінде минометтерден де жүргізілді. Ведомство Арменияның арандатуына жауап ретінде Әзербайжан армиясы жергілікті қарсы шараларды жүзеге асыратынын және атыс нүктелерін бейтараптандыратынын атап өтті.

Еске салайық, 13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзербайжан шекарасында қақтығыс басталған еді. Екі елдің қорғаныс министрліктері қарама-қайшы ақпарат таратып жатыр. 

Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан Қарулы күштерінің артиллерия мен ұшқышсыз ұшақтар арқылы Армения территориясын атқылай бастағанын мәлімдеді. Ал Әзербайжан қорғаныс министрлігі армян әскері ауқымды арандатушылық жасады деп айыптады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная