04 қазан 2023 | 11:16

Әзербайжан билігі Қарабақтың бұрынғы президенттерін ұстады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: apa.az

Әзербайжанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының бұрынғы президенттері Аркадий Гукасян мен Бако Саакянды ұстап, Бакуге жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі APA-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әзербайжанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының бұрынғы президенттері Аркадий Гукасян мен Бако Саакянды ұстап, Бакуге жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі APA-ға сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, Қарабақ парламентінің бұрынғы спикері Давид Ишханян да ұсталған. Үшеуіне де қатысты қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

Реклама
Реклама

Гукасян 1997-2007 жылдар аралығында Қарабақ көшбасшысы болды, ал Саакян оның орнын басып, 2007-2020 жылдар аралығында мойындалмаған республиканы басқарды. Ишханян 2023 жылдың тамызынан бастап ТҚР Ұлттық жиналысының төрағасы болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әзербайжанда сот мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының бұрынғы үкімет басшысы Рубен Варданянды төрт айға қамауға алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная