Әзербайжан Қарабақтағы позицияларына шабуыл жасалғанын мәлімдеді

© РИА Новости © РИА Новости

Әзербайжан қорғаныс министрлігі армян қарулы тобы Қарабақтағы позицияларға шабуыл жасағанын хабарлады. Әскери ведомство мәліметінше, бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алған, - деп хабарлайды РИА Новости

Әзербайжан қорғаныс министрлігі армян қарулы тобы Қарабақтағы позицияларға шабуыл жасағанын хабарлады. Әскери ведомство мәліметінше, бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алған, - деп хабарлайды РИА Новости

"27 желтоқсанда сағат 15.30-да (астана уақыты бойынша 17.30-да) заңсыз армениялық қарулы топ не аймақта қалған отряд Агдам ауылы бағытына шабуыл жасады. Нәтижесінде Әзербайжан әскери қызметшісі Ганбаров Эльмир Райиль оглу қаза тауып, әскери қызметші Алиев Эмин Сулейман оглу жараланды", - делінген ведомство хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жарақат алған әскери қызметші алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін медициналық мекемеге апарылған. 

Еске салайық, қыркүйек айының соңында Таулы Қарабақта екі ел арасындағы жанжал қайта өрши түскен болатын. Әзербайжан мен Армения соғысты тоқтату туралы келісімге келді. Одан бөлек, ресейлік бітімгерлер өңірдегі жағдайды бақылауға алған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная