ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2020 | 16:38
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі үш танк жойылды деген ақпаратты жоққа шығарды
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Арменияның үш танк, екі тікұшақ және үш ұшқышсыз ұшақ жойылды деген ақпараты жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Арменияның үш танк, екі тікұшақ және үш ұшқышсыз ұшақ жойылды деген ақпараты жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Әзербайжан әскерінің үш танкі, екі тікұшақ және үш ұшқышсыз ұшу аппараты (БЛА) жойылды деген Армения тарапынан жарияланған ақпарат жалған. Біздің бөлімшелеріміз майдандағы жаудан мықты екенін хабарлаймыз", - деді әскери ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Бұл уақытта, Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан танктері жойылған сәттің видеосын жариялады.
Еске салайық, бүгін, жексенбіде Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.
Себебі Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді, осы ақпараттарға сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ "әуе және зымыран шабуылына тап болған", Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также