Әзербайжан президенті парламентті таратты

Әзербайжан президенті парламентті таратты Фото: report.az

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев VI шақырылымдағы Милли Меджлисті тарату және Әзербайжанда кезектен тыс парламент сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Report мәліметінше, 21 маусымда өткен Парламенттің пленарлық отырысында Милли Меджлис Президентке кезектен тыс парламенттік сайлау тағайындау туралы ұсыныс жолдаған. Оған 105 депутат қолдап дауыс берген, қарсы - 1 дауыс.

27 маусымда Конституциялық сот Пленумының отырысында Милли Меджлисті тарату және кезектен тыс сайлауды тағайындау конституцияға сәйкестігі туралы қаулы қабылданды.

Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, кезектен тыс парламент сайлауы 2024 жылдың 1 қыркүйегіне белгіленген.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама