ПОДЕЛИТЬСЯ
06 шілде 2019 | 15:54
Әзербайжанда әскери бөлімде жарылыс болды
Әзербайжанда әскери бөлімде жарылыс болды, екі әскери қызметкер қаза тауып, біреуі қатты жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әзербайжанда әскери бөлімде жарылыс болды, екі әскери қызметкер қаза тауып, біреуі қатты жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.
"6 шілдеде таңертең әскери бөлімдердің бірінде жазатайым оқиға болды. Әскери қызметкер танк снарядының зарядын қолынан түсіріп алды, содан кейін жарылыс болды. Салдарынан, екі әскери қызметкер қаза тапты: Агаларов Амиддин Шахмалы оғлу және Салахов Самир Чингиз оғлу. Мамедов Нұрлан Рагим оғлу ауыр жарақат алды", - деп хабарлады Әзербайжан қорғаныс министрлігі өкілдері.
ТЖ дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.
Еске салсақ, 24 маусымда Түркістан облысында Арыс қаласында әскери бөлім аумағында оқ-дәрілер жарыла бастады. Қалада 45 мың адам тұрады, олардың барлығы үйлерін тастап, жақын маңдағы қалаға қашты. Қайғылы оқиғадан бір қала тұрғыны мен екі әскери қызметкер қаза тапты. Жарылыс салдарынан ғимараттардың 80 пайыздан астамы зақымданды.
Показать комментарии
Читайте также