Әзербайжанда қалаға зымыран түсті: 12 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 40-тан асады

© haqqin.az

Армения қарулы күштері Әзербайжандағы екінші ірі қала Гянджаны зымыранмен атты. Салдарынан 12 адам қаза тапты, 40-тан аса адам жарақат алды. Оқиға 17 қазанға қараған түні болды. Бұл туралы Әзербайжан президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Sputnik-Әзербайжан.

20-дан аса ғимарат қирады, көптеген азаматтық инфрақұрылым нысандары мен қала автокөліктері зардап шекті. Бас прокуратура оқиға болған жерде жәбірленушілердің тізімін нақтылау бойынша тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

Әзербайжан тарапының мәліметінше, Гяндж қаласына СКАД (Р-17) жедел-тактикалық баллистикалық зымыраны атылды.

© haqqin.az

Сондай-ақ, Хикмет Гаджиевтің айтуынша, Әзербайжанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Мингячевир қаласына жоспарланған зымыран соққысының алдын алған. "Олар оқ жаудырып, қалаға жіберілген баллистикалық зымыранды жойды", - деп хабарлайды haqqin.az.

Өз кезегінде Армения СІМ өкілдері Әзербайжанның пилотсыз ұшақтары жұмада Армения аумағына соққы жасағанын хабарлайды. Бұл туралы Sputnik-Армения жазды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная