Әзірбайжан бір түн ішінде бітімгерлікті 26 рет бұзды - Таулы Қарабақ Республикасы

Әзірбайжан бір түн ішінде бітімгерлікті 26 рет бұзды - Таулы Қарабақ Республикасы © abakan-gazeta.ru

Мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының (ТҚР) қорғаныс министрлігі бір түн ішінде Әзірбайжанмен түйіскен жерде атысты тоқтату режимі 26 рет бұзылғандығын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"12-нен 13-не қараған түні Қарабақ-Әзірбайжан түйіскен жерінде Әзірбайжанның ӘК атысты тоқтату бітімін 26 рет бұзды. Олар армяндардың позициясына қарай әртүрлі калибрден 250 рет оқ жаудырды. Ал солтүстік-шығыс бағытта (Мартакерт) қарсыластар 60 миллиметрлік миномет қолданды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Армения мен Әзірбайжан 2 сәуірде Таулы Қарабақ шекарасында жағдайдың ушыққанын мәлімдеген. Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі Армения ӘК тарапынан оқ атулар туралы мәлімдеген, ал Армения "Біз қорғандық", - дейді. Екі жақ 5 сәуірде ұрысты тоқтатқан, алайда бірін-бірі осылай келісімді бұзғандығы жайлы айтып тұрды. 

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, Қарабақ дауы 1988 жылы басталған. Сол кезде Таулы Қарабақ автономиялық облысы өздерінің Әзірбайжан КСР-дан шығатынын мәлімдеген. 1991 жылы қыркүйекте ТҚАО орталығында Степанакертте Таулы Қарабақ Республикасы болып жариялады. Әзірбайжан билігі әскери қақтығыстан кейін Таулы Қарабақты бақылауды беріп қойды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама