28 желтоқсан 2021 09:11

Азиядағы алғашқы ел Pfizer компаниясының COVID-19-ға қарсы таблеткаларын мақұлдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Оңтүстік Корея Азияда бірінші болып америкалық Pfizer компаниясының COVID-19-ға қарсы таблеткаларын шұғыл қолдануды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Корея Азияда бірінші болып америкалық Pfizer компаниясының COVID-19-ға қарсы таблеткаларын шұғыл қолдануды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Азық-түлік және дәрі-дәрмек қауіпсіздігі министрлігі "Паксловид" препаратын коронавирусты емдеу үшін қолдану керек деген қорытындыға келген сарапшылар тобының отырысын өткізді.

Бөлімше тұжырымдарына сәйкес, сынақтың бастапқы деректері оның ауыр аурудан зардап шегетін науқастарды ауруханаға жатқызбауға, өлім қаупін айтарлықтай төмендететінін көрсетті. "Паксловид" 12 жастан асқан науқастарды емдеу үшін қолданылады.

Реклама
Реклама

"Паксловид" - бұл Оңтүстік Кореяда COVID-19-ды жеңіл және орташа деңгейде жұқтырған науқастарды емдеуге арналған алғашқы таблетка. Кореялық реттеуші жүргізген сынақ нәтижелері таблеткалар өлім қаупін 88 пайызға төмендеткенін көрсетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram