ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2021 | 09:24
"Әзілкештерге түкіргенім бар" - Гарик Мартиросян
Comedy Club-тың бұрынғы жүргізушісі Гарик Мартиросян "А поговорить?" YouTube-шоуына сұхбат беріп, орыс ұлты туралы әзіліне байланысты Ресейге келуіне тыйым салынған стендап комик Идрак Мирзализаде төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Comedy Club-тың бұрынғы жүргізушісі Гарик Мартиросян "А поговорить?" YouTube-шоуына сұхбат беріп, орыс ұлты туралы әзіліне байланысты Ресейге келуіне тыйым салынған стендап комик Идрак Мирзализаде төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шоумен басқа адамның айтқан сөзі мен әзіліне жауап бермейтінін мәлімдеді. Әзілкеш жауапкершілік әзіл айтқан адамға ғана жүктеледі деп есептейді. Оның айтуынша, әзіл авторы сөзінің салдарына жауап берерде әрқашан жалғыз қалады.
"Әзілкештерге түкіргенім бар, оларда ынтымақ жоқ! Олардың арасында шизофреник, маньяк, нашақор, арамзалар бар, қайдағы ынтымақ? Рас, жақсы әзілкеш, үлгілі әке, жақсы жігіттер бар, мен оларды жақсы көремін, бірақ олардың өмірі мен әзілі үшін ешқашан жауап бермеймін. Егер біреу бір кездері өзін дұрыс ұстамаса, тәртіп бұзса, ол үшін өзі жауап берсін", - деді ол.
Мартиросян жас әзілкештер батыл екенін, кейде олар аға буынның не ойлайтынын айтудан қорықпайтынын айтты.
"Жас кезде, сен өз қадамыңның салдарын түсінбейсің, аңғал, тәжірибең жоқ. Не ойласа соны айта алады", - деді әзілкеш.
Мартиросян мәселенің себебін жалпы мәдениет деңгейінің төмендеуінен көреді және бұл адамдарды байланыстыратын жаһандық мәселе.
"Күн сайын жүздеген стендап әртіс сахнадан осындай нонсенс туралы айтады, мен оларға жауап беруім керек пе? Ақпаратты ұсыну әдісі болуы керек!" - деді ол.
Бұған дейін Мәскеудің Замоскворецкий соты комик Идрак Мирзализадені Ресейден шығару жөніндегі шешімнің күшін жойған болатын.
Айта кетейік, 9 тамызда Мәскеудің Таганск соты Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 20.3.1-бабына ("Жеккөрушілік немесе дұшпандық, сондай-ақ адамның қадір-қасиетін қорлау") сәйкес Мирзализадені 10 күнге әкімшілік қамауға алу туралы жаза тағайындаған. Кейінірек Мәскеу қалалық соты бұл шешім заңды екенін мәлімдеді.
Интернетте таралған видеода Мирзализаде "орыстар мен нәжіс" туралы әзіл айтады. Кейінірек, комик өз сөзін түсіндіріп, видео толық емес екенін, видо әдейі қиылғанын айтты. Таганск сотында істі қарау барысында Мирзализаде халықтан кешірім сұрады, бірақ ұлтаралық араздықты қоздырды деп тағылған айыпты мойындамады.
Әкімшілік істі қозғаған Мәскеу прокуратурасы Мирзализаде "ұлттық негізде бөлінген адамдар тобын тілдік және психологиялық қорлау белгілері, сондай-ақ оның кемшілігін насихаттау" туралы ашық түрде мәлімдеме жасағанын айтты.
Тамыздың аяғында Ішкі істер министрлігі Беларусь азаматына Ресейде тұруға өмір бойына тыйым салды. Департамент комиктің "ұлтаралық қатынастарды қоздыруға бағытталған мәлімдемесін", оларды ұсыну нысанына қарамастан, дұрыс емес деп санайтынын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также