Әзірбайжанның Гәнжә қаласындағы көпқабатты үйде жарылыс болды: Төтенше жағдайдың суреттері

Әзірбайжанның Гәнжә қаласындағы көпқабатты үйде жарылыс болды: Төтенше жағдайдың суреттері © report.az

Әзірбайжанның Гәнжә қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, үш адам қаза тапты, бір адам ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Әзірбайжанның Гәнжә қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, үш адам қаза тапты, бір адам ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Төтенше жағдай таңғы уақытта болған. Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өкілдері үйіндінің астында адамдар қалып қалған болуы мүмкін екенін және сондықтан құтқару операциясының жалғасып жатқанын айтып өтті.

Жарнама
Жарнама

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа газдың шығуы себеп болуы мүмкін.

"Үйіндінің астынан әйел мен баласының денесін алып шықты", -  деп хабарлаған еді осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Сафая Ахмедова басылымдағыларға.

Minval.az мәліметінше, әйел адам педагог болған, ал ұлы 24 жаста болған. Үшінші қаза тапқан адамның әскери қызметкер болғаны айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама