06 ақпан 2022 | 11:38

БАӘ 4,5 күндік жұмыс аптасына өтеді

Фото: Reuters

Дубай 4,5 күндік жаңа жұмыс аптасына ауысады, жаңа ережелер бәсекеге қабілеттілікті арттырады және жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті жақсартады деп күтіледі. Бұл туралы Euronews сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дубай 4,5 күндік жаңа жұмыс аптасына ауысады, жаңа ережелер бәсекеге қабілеттілікті арттырады және жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті жақсартады деп күтіледі. Бұл туралы Euronews сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді БАӘ-де жұмыс аптасы дүйсенбіде басталып, жұмада түстен кейін аяқталады. Бұл реформа Әмірліктер тұрғындарының бос уақыты мен өнімділігінің артуына ықпал етеді деп болжанып отыр.

"Басқа елдермен синхрондалған жұмыс аптасы БАӘ-де тұратын адамдарға шетелдегі туыстарымен жақсы байланыс орнатуға және демалысты жоспарлауға ықпал етеді. Бизнесмендер де, әрине, басқа елдермен және әлемдік нарықпен үндестіруден пайда көреді. Біз бұл шара бүкіл қоғамның мүддесіне сай екеніне сенімдіміз",-деді жергілікті тұрғын Абдулла Али ан-Нуайми.

Реклама
Реклама

2022 жылы жаңа кестеге көшу мемлекеттік қызметкерлер мен мектептерден басталды. Содан кейін олардың қатарына қаржыгерлер қосылды. Уақыт өте келе оған жеке сектор да көшеді.

БАӘ-де жұмыс істейтін халықаралық ұйымдар басқа елдермен қаржылық, экономикалық және сауда байланыстарын жеңілдететін өтуді қолдап отыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная