ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 мамыр 2017 19:39
БАӘ Антарктикадағы айсбергтерді өз жағалауына тартып әкелмек
БАӘ билігі Фуджейра әмірлігінің жағалауына Антарктиканың айсбергтерін тартып әкелу туралы жоспарын мәлім етті. Айсбергтер аймақтағы тұщы судың қайнар көзі болады делінеді. Бұл туралы РИА Новости Arabian Business басылымына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Басылымның мәліметінше, бұл арқылы БАЭ билігі аймақтағы климатты айтарлықтай өзгертеміз деп отыр екен, себебі айсберпен келетін суық ауа жауын-шашынды молайтады-мыс.
Сонымен қатар, айсбергтердің еруі, жоспар бойынша, тұщы судың теңізге құйылып, осы арқылы экологиялық тепе-теңдік пен биоәртүрлілікті қалпына келтіруге сеп болады екен. Сондай-ақ, айсбергтер туристерге қызықты болады делінеді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу