17 қыркүйек 2021 | 16:52

БАӘ әуежайларында коронавирус жұқтырғандар ит көмегімен іздестіріледі

Дина Шарипханова Корреспондент
©REUTERS

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) әуежайларында коронавирус жұқтырғандар ит көмегімен іздестіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) әуежайларында коронавирус жұқтырғандар ит көмегімен іздестіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта БАӘ әуежайларында 38 иісшіл ит жұмыс істейді, олар инфекция жұқтырғандарды 98 пайыз анықтай алады.

©REUTERS

Реклама
Реклама

Дубай полициясы COVID-19 жұқтырғаны расталған адамдардан алынған тер тамшыларын қолдана отырып, науқастарды иісі арқылы тануды неміс овчаркасы, лабрадор, кокер-спаниель және бордер-колли сияқты тұқымды иттерге үйреткен.

©REUTERS

Ғалымдардың айтуынша, бұл әдістің дәлдігі 98 пайыздан асады. Дубайда жүргізілген зерттеуде иттердің анықтау қабілетін салыстыру үшін 3 290 адамның тер үлгілері мен ПТР-сынамасы қолданылған. Жаттығу бөлмесінде он ПТР-сынама нәтижесі қойылған. Иттер оларды иіскеп, тапқанын білдіру үшін жанына отырады.

©REUTERS

Дубай полициясының лейтенанты Насер әл-Фаласи иттер қазір күн сайын шамамен 30-40 тексеру жүргізетінін мәлімдеді. Ол иттерді тек әуежайларда ғана емес, қажет жерде қолдануға болатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram