ПОДЕЛИТЬСЯ
21 ақпан 2022 | 09:42
БАӘ-де шамамен 9 мың жыл бұрын салынған ғимараттар табылды
Археологтар БАӘ-де сегіз жарым мың жыл бұрын салынған ғимарат қирандыларын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The National News басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Археологтар БАӘ-де сегіз жарым мың жыл бұрын салынған ғимарат қирандыларын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The National News басылымына сілтеме жасап.
Ғимараттар Абу-Даби қаласынан батысқа қарай Гага аралында орналасқан. Ол биіктігі бір метрге жуық тас қабырғалары бар "қарапайым дөңгелек бөлмелер".
Бөлмелерден археологтар жүздеген артефактілерді, соның ішінде шебер өңделген тас жебелерді тапқан. Олар аң аулау үшін пайдаланылған.
Табылған заттар ғалымдарға жаңалық ашуға мүмкіндік береді: ғимараттар БАӘ-де табылған қоныстар ішінде ең көнесі болып шыққан. Бұрын ең көне ғимарат Абу-Даби жағалауында орналасқан Морава аралындағы ғимарат болатын. Оның жасы жаңадан табылған қирандыларға қарағанда 500 жасқа аз.
Ғалымдар пікірінше, ғимараттар "аралда жыл бойы өмір сүрген шағын қоғамдастыққа тиесілі болуы мүмкін".
Бұрын бұл аймақта елді мекен пайда болуының катализаторы неолит кезеңінде пайда болған теңіз сауда жолдары деп есептелген. Алайда, соңғы жаңалық мұнда адамдар әлдеқайда ертерек өмір сүре бастағанын дәлелдейді.
"Бұл археологиялық олжалар адамдардың осында сегіз жарым мың жыл бұрын қоныстанғанын және үй салғанын көрсетті. Сондай-ақ, бұл мыңдаған жылдар бойы тек прогреске ұмтылған дамыған қоғам екенін анықтадық", - деді Абу-Даби Мәдениет және туризм департаментінің төрағасы Мохамед Аль Мубарак.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также