БАӘ Кабул әуежайын бақылауына алуы мүмкін - БАҚ

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©REUTERS

Біріккен Араб Әмірлігі Кабул халықаралық әуежайын басқару мәселесі бойынша "Талибанмен" (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Біріккен Араб Әмірлігі Кабул халықаралық әуежайын басқару мәселесі бойынша "Талибанмен" (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Парсы шығанағы аймағында орналасқан шетелдік дипломаттар БАӘ шенеуніктері кейінгі апталарда теңізге шыға алмайтын Ауғанстандағы негізгі әуе қақпасы ретінде қызмет ететін әуежайды басқару мәселесін талқылау үшін Талибанмен бірқатар келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

©REUTERS

Ақпарат көздері Талибан билікке келген кезде катарлар мен түріктер әуежайды басқаруға көмектескенін, бұл америкалық әскерлер шығарылғаннан кейін халықты елден эвакуациялауда маңызды рөл атқарғанын айтты. АҚШ қолдаған Ауған Республикасы кезінде әуежай БАӘ-нің көмегімен басқарылды. Қазір Әмірлік бақылауды қалпына келтіруге тырысып жатыр.

©REUTERS

"Талибан" бұл мәселе бойынша Катармен әлі ресми келісім жасамаған. Әуежай мәселесі әзірге белгісіз. Сонымен қатар, Талибан бірнеше рет елде шетелдік күштердің болуына қарсы екенін мәлімдеді.

Қазір Катар күштері әуежайдың периметрін күзетеді, ал "Талибан" арнайы күштері сыртындағы аудандарды күзетеді.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті алдағы аптада "Талибан" қозғалысына кеңес беретінін, соның ішінде терроризмге қарсы кеңес беретінін растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная