Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Араб елдері - мұнай экспорттаушы ұйымның (ОАПЕК) құрамынан шықты. Бұл туралы араб өндірушілері бірлестігінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК басылымына сілтеме жасап.
ОАПЕК штаб-пәтері Кувейтте орналасқан. Бұл ұйым 1968 жылдан бері жұмыс істеп келеді, БАӘ 58 жыл бойы оның мүшесі болған.
"Араб елдері - мұнай экспорттаушы ұйымның (ОАПЕК) Бас хатшылығы Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика министрі Сухейль әл-Мазруидің... ОАПЕК Министрлер кеңесінің ағымдағы сессиясының төрағасына жолдаған хаты туралы хабардар болды. Онда БАӘ-нің 2026 жылғы 1 мамырдан бастап ұйым құрамынан шығу туралы шешімі айтылған", - делінген мәлімдемеде.
Бұған дейін БАӘ 1 мамырдан бастап ОПЕК пен ОПЕК+ әлемдік мұнай өндірушілер альянсынан шығатынын мәлімдеген болатын. Билік бұл шешімнің өндіру квоталарына келіспеушілікке байланысты қабылданғанын түсіндірді. Әмірліктер сұраныс пен нарық конъюнктурасын ескере отырып, өндірісті ұлғайтуға ниетті.