ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қыркүйек 2019 | 09:29
БАӘ тарихында алғаш араб астронавты ғарышқа ұшты
25 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:58-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-15" ресейлік ғарыш кемесі ұшты. Бортта ресейлік Олег Скрипочка, америкалық Джессика Меир және Біріккен Араб Әмірліктері тарихында ең алғаш Хаззаа әл-Мансури есімді азамат ғарышқа ұшты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бірнеше сағаттан кейін ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына тоқтап, "Звезда" қызмет модулінің қондырғысына келіп бұрылды. Қазір Халықаралық ғарыш станциясында ресейлік Алексей Овчинин мен Александр Скворцов, америкалық астронавт Кристина Кук, Ник Хейг пен Эндрю Морган және италиялық Лука Пармитано бар.
Скрипочка мен Меир Жерге 2020 жылы 30 наурызда Эндрю Морганоммен бірге оралады. Әл-Мансури бортта сегіз күндей болуға тиіс.
Джессика Меир, Хаззаа Аль Мансури мен Олег Скрипочка © РИА Новости
Хаззаа әл-Мансури - 35 жастағы әскери ұшқыш. Ғарышқа ұшуды ол бала кезінен армандағнан.
"Бала кезімде аспанға қарап, жұлдыздарды көріп, оларға қалай жетуді ойластыратынмын. Төртінші сыныпта араб ғарышкері туралы кітапті көрдім. Содан кейін мүмкін емес ештеңенің жоқ екенін түсіндім. Сосын мен ВВС-ге барып, өзімді сәл де болса жұлдызға жақын сезіндім", - дейді ол.
Хаззаа аль-Мансури © РИА Новости
Показать комментарии
Читайте также