21 қаңтарға қараған түні Бағдадтағы АҚШ елшілігінің маңына үш зымыран құлады, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы агенттікке Ирак қауіпсіздік органындағы дереккөз айтты.
"Елшіліктен әуе апаты сигналы естілді", - деді ол. Оның айтуынша, шабуыл салдарынан қаза тапқанда жоқ екен.
Еске салайық, 8 қаңтарда Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына зымыран соққыларын жасаған. Олар бұл әрекетін "Әл-Кудс" арнайы бөлімшесінің қолбасшысы генерал Касем Сулейменидің көзін жоюға берілген жауап деп түсіндірген.
Кейінірек Иран байқаусызда жолаушылар ұшағын атып құлатқанын мойындады. 176 адам қаза тапты.