Бағдатта АҚШ елшілігінің маңына үш зымыран құлады

Бағдатта АҚШ елшілігінің маңына үш зымыран құлады © AP Photo

21 қаңтарға қараған түні Бағдадтағы АҚШ елшілігінің маңына үш зымыран құлады, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы агенттікке Ирак қауіпсіздік органындағы дереккөз айтты. 

"Елшіліктен әуе апаты сигналы естілді", - деді ол. Оның айтуынша, шабуыл салдарынан қаза тапқанда жоқ екен.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, 8 қаңтарда Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына зымыран соққыларын жасаған. Олар бұл әрекетін "Әл-Кудс" арнайы бөлімшесінің қолбасшысы генерал Касем Сулейменидің көзін жоюға берілген жауап деп түсіндірген.

Кейінірек Иран байқаусызда жолаушылар ұшағын атып құлатқанын мойындады. 176 адам қаза тапты.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама