Бағдаттағы АҚШ елшілігінде болған атыстан бірнеше адам зардап шекті

© Reuters

Бағдаттағы АҚШ елшілігінде болған атыстан бірнеше адам зардап шекті, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы Al Sumaria телеарнасына сілтеме жасап.

Бағдаттағы АҚШ елшілігінде болған атыстан бірнеше адам зардап шекті, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы Al Sumaria телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, атыстан үш адам зардап шеккен, әзірше оларға қатысты мәлімет жоқ. Қазіргі уақытта тікұшақтар елшілік ғимаратындағы жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқандар жоқ.

Ирактың премьер-министрі Әділ Абдул Махди мұндай төтенше жағдайдың ел мүддесіне қайшы келетінін және Ирактың басқа елдермен қарым-қатынасына залал келтіретінін мәлімдеді. Ол осы жағдайда барлық қажет шараны қолдануға шақырды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 24 қаңтарда Бағдатта жаппай наразылық шаралары өткен еді. Олар АҚШ өкілдерінің Иракта жүргеніне қарсылық білдірген болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама