04 тамыз 2020 | 12:37

БАҚ Джордж Флойдты тұтқындаған сәттің жаңа видеосын жариялады

Видеодан кадр dailymail.co.uk

Интернетте Джордж Флойдты ұстау сәті түсірілген жаңа видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Dailymail басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернетте Джордж Флойдты ұстау сәті түсірілген жаңа видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Dailymail басылымына сілтеме жасап. 

Бұл видео жариялауға тыйым салынғанына қарамастан дүйсенбі күні тарады. Бұған дейін Миннесота штаты Хеннепин округі сотында тек өтінім бойынша қолжетімді болған. 

Реклама
Реклама

Британиялық басылымның хабарлауына қарағанда, видео Томас Лейн және Александр Куэнгтің камералары арқылы түсірілген. Олар оқиға орнына бірінші болып келген бұрынғы офицерлер.

Кадрда Лейн көліктің терезесінен шам арқылы түртеді. Бірақ Флойд есікті бірден ашпайды. Есік ашылғаннан кейін Лейн тапаншасын бірден Флойдтың басына бағыттайды. Атпа және көліктен шық деген талаптан кейін Флойд шығады және полицейлер оны өз көлігіне отырғызуға тырысады.

Видео: Dailymail

Сондай-ақ видеода Флойд клаустрофобиясы бар екенін және көлікке отырғызбауын сұрайды. Арт жақтағы көлікте отырған кезде "тыныс ала алмай жатқанын" айтады. Осы сөздерден кейін Дерек Шовин және Ту Тао келеді.

Еске салайық, Джордж Флойд офицер Шовин аяғымен буындырып ұстағаннен кейін қайтыс болды. Содан соң АҚШ-та жаппай тәртіпсіздік басталды және кей қалада әлі күнге дейін болып жатыр. Сараптама Флойд қылғындырғаннан кейін қайтыс болды деген қорытынды шығарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram