05 қыркүйек 2021 18:03

БАҚ Гвинеядағы төңкеріс әрекеті туралы хабарлады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: guinee360.com

Гвинея астанасы Конакриде мемлекет басшысының резиденциясы орналасқан Калум коммунасында атыс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гвинея астанасы Конакриде мемлекет басшысының резиденциясы орналасқан Калум коммунасында атыс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрлардан жарылыс естіліп, қою түтін шығып жатқанын көруге болады. Jeune Afrique басылымына дереккөз берген мәлімет бойынша, Гвинеяда төңкеріс әрекеті басталған. Оның артында президент Альфа Конденің қорғауындағы арнайы күштер тұр.

Бұл ақпарат ресми расталған жоқ.

Реклама
Реклама

Конде Гвинеяны 2010 жылдан бері басқарады. 2020 жылдың қазанында саясаткер кезекті сайлауда жеңіске жетті. Кейін елде тәртіпсіздіктер басталды. Салдарынан кемінде он адам құрбан болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram