ПОДЕЛИТЬСЯ
30 желтоқсан 2019 | 09:36
БАҚ Трамптың адвокаты мен Венесуэла президентінің құпия әңгімесін әшкереледі
АҚШ президенті Дональд Трамптың адвокаты Руди Джулиани 2018 жылдың қыркүйегінде Венесуэла президенті Николас Мадуромен телефон арқылы бейресми әңгімелескен, - деп жазады Washington Post.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ президенті Дональд Трамптың адвокаты Руди Джулиани 2018 жылдың қыркүйегінде Венесуэла президенті Николас Мадуромен телефон арқылы бейресми әңгімелескен, - деп жазады Washington Post.
Басылымның мәліметінше, әңгіме барысында Венесуэла президентін отставкаға кетіріп, бизнес ашуға бағытталған шаралар талқыланған.
Трамптың адвокаты Джон Болтонмен де Мадуроның отставкаға кетуі жайлы сөйлескен. Джон Болтон ол кезде АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі қызметінде болған. Бірақ экс-кеңесші бұл мәселеге қатысудан бас тартқан.
Айта кетейік, Николас Мадуро Венесуэла президенті қызметіне 2013 жылдың 19 сәуірінде тағайындалған болатын.
Показать комментарии
Читайте также