Бакудегі атыс: қылмыскер төрт адамды атып өлтірген

Фото: Әзербайжан ІІМ

Әзербайжанда қылмыскер мылтықтан оқ жаудырып, төрт адам, оның ішінде үш полицей қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республиканың Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Әзербайжанда қылмыскер мылтықтан оқ жаудырып, төрт адам, оның ішінде үш полицей қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республиканың Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға Бакудегі Шувелан ауылында болған. Хабарламаға сәйкес, күдікті іздеуде жүрген, бірнеше рет сотталған 1986 жылы туған Аллахвердиев Ровшан Огтай оглу. Ол ұстау операциясы кезінде полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен.

"Отбасы мүшелерін және жағдайды пайдаланып, ер адам Lancaster аңшы мылтығынан оқ жаудырып, үш полиция қызметкері мен бір тұрғынды атып өлтірді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Аллахвердиевті полиция қызметкерлері залалсыздандырған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама