Баланы ағасының көзінше ұрлап кетпек болған ер адам видеоға түсіп қалды

?ытайды? Гуандун айма?ында адам ?рлау?а о?талу о?и?асы сырт?ы ба?ылау камерасына т?сіп ?алды. Ер адам ?кесіні? д?кені ма?ында а?асы ж?не ?пкесімен ойнап ж?рген баланы ертіп ?кетпек бол?ан, - деп хабарлайды L!FE.

Қытайдың Гуандун аймағында адам ұрлауға оқталу оқиғасы сыртқы бақылау камерасына түсіп қалды. Ер адам әкесінің дүкені маңында ағасы және әпкесімен ойнап жүрген баланы ертіп әкетпек болған, - деп хабарлайды L!FE.

Баланың ағасы жағдайға бірден араласып, інісін ер адамның қолынан тартып алған. Кейін полиция баланы ұрламақ болған адамды ұстаған. Қазір Чжу есімді күдікті баланы ұрлауға тырыспағанын, тек онымен ойнамақ ниетте болғанын айтып ақталуда. 

"Бұл адам саудасымен айналысады, менің ұлымды көз алдымда ұрламақ болды. Үлкен ұлым көріп қалған, әйтпегенде арты қайғыға ұласатын еді", - дейді баланың әкесі. 

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама