13 шілде 2022 | 08:45

Баланы құтқарып, өздері шыға алмаған: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Желіде су қоймасындағы қатты ағыстан баланы құтқару сәті түсірілген видео тарады. Оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі China News сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде су қоймасындағы қатты ағыстан баланы құтқару сәті түсірілген видео тарады. Оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі China News сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 8 шілдеде Шыңжаңдағы Артуш қаласында болған. Қазақстан ТЖМ өкілі видео басқа елде түсірілгенін мәлімдеді, өйткені "кезекші пультіне оқиға туралы қоңырау түспеген". Оқиға Қытайда болған екен.

Басылым мәліметінше, бала абайсызда су қоймасына құлап кеткен. Осылайша, баланы қатты ағыс алып кеткен. Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Артуш қаласының Шаңғарташы кенті Бойшақ ауылы полиция бөлімшесінің патрульдік тобынан үш көмекші полицей аумақты күзетіп жүрген кезде 11 жастағы бала су қоймасына батып бара жатқанын анықтаған.

Реклама
Реклама

Көмекші полицейлер Тұрғын Өміржан мен Мұхтар Рахманжан құтқару операциясын бастау үшін бір-бірлеп каналға секірген. Каналдың екі жағындағы қатты ағыс пен тас салдарынан екеуі де батып бара жатқан баламен бірге төмен қарай ағып кеткен. Бірақ олар батып бара жатқан баланы аман алып қалған.

Жағаға шыққан кезде Мұхтар Рахманжан өзінің әріптесі ағып бара жатқанын көріп, денесіндегі жара мен шаршағанына назар аудармай, көмекке жүгірген. Полицей әріптесін құтқару үшін тағы да су қоймасына секірген. Ақыр аяғында екі көмекші полицей де судан аман-сау шыққан. 

Бала ауруханаға жіберілген. Уақытылы құтқарылғанының арқасында балаға төніп тұрған қауіп жоқ. 

Еске салайық, бұған дейін Қазнетте су қоймасынан баланы құтқару сәті түсірілген видео тарады. 

Кадрларда көк түсті киім киген үш ер адам мен тағы бір бала қатты ағыс алып кеткен баланы құтқару үшін артынан жүгіреді. Бір кезде екі адам суға секіреді, олардың бірі баланы құтқарып қалады. Бірақ форма киген тағы бір адам судан шыға алмай қалады. Енді сол адамды құтқару үшін тағы бірі суға секіреді, алайда видеодағы екі адам да суда көзден ғайып болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram