Балиде жанартау оянды: 35 мың адам эвакуацияланды

Балиде жанартау оянды: 35 мың адам эвакуацияланды © ria.ru

Индонезияны? Бали ?аласында Агунг жанартауыны? оянуына байланысты шамамен 35 мы? адам эвакуациялан?ан, - деп хабарлайды РИА Новости Синхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Индонезияның Бали қаласында Агунг жанартауының оянуына байланысты шамамен 35 мың адам эвакуацияланған, - деп хабарлайды РИА Новости Синхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

"Қауіпсіз жерге көшірілетін адамдардың саны көбеюі мүмкін", - деп келтіреді агенттік Индонезияның апат салдарын жою жөніндегі Ұлттық басқарма өкілі Сутопо Пурво Нугрохоның сөзін. 

Оның айтуынша, эвакуация орталықтарына 14 тонна гуманитарлық көмек жеткізілген. Агенттіктің мәліметінше, елде жанартау атқылауы қаупінің ең жоғары деңгейі енгізілген. 

Жарнама
Жарнама

Жанартаутанушылар қатерлі аймақты кеңейтіп отыр, соған байланысты жергілікті билік төтенше жағдай режимін 1 қазанға дейін созған.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама