БАҚ-тар Францияда белгісіз біреулердің шіркеудегі адамдарды кепілге алғанын хабарлады, - деп хабарлайды L!FE.
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл кезінде шіркеуде шамамен бес адам болған, олардың екеуі келушілер, екеуі монах әйел және біреуі дін қызметшісі.
Бүгін түскі уақытта француз БАҚ-тары елдің солтүстік-батысындағы Сент-Этьен-дю-Рувре кантонында адамдардың кепілге алынғанын хабарлаған еді. Пышақпен қаруланған екі белгісіз адамның шіркеуге басып кіріп, адамдарды кепілге алған. Жергілікті БАҚ-тардың мәліметінше, шабуылдаған екі адамның бірінің сақалы болған, басында "мұсылмандар киетін" бас киім болыпты.
Кейінірек Франс-Пресс агенттігі полициядағы дереккөзге сілтеме жасай отырып, шабуылдаған екі адамның да көзі жойылғанын мәлімдеді. Дін қызметшісі қаза тапқан.
Қазіргі уақытта оқиға орнына полиция қызметкерлері бара жатыр. Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталу үстінде.
Тағы бір шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, шабуылдағандар дін қызметкерін бауыздап өлтірген.