16 қыркүйек 2020 09:21

"Барлығымыз балалар мектепке барғанын қалаймыз" - ДДҰ басшысы

© Тұрар Қазанғапов

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус коронавирус пандемиясы кезінде оқушылардың білім алуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус коронавирус пандемиясы кезінде оқушылардың білім алуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз барлығымыз балалардың мектепке барғанын қалаймыз және біз мектептердің олар үшін қауіпсіз және қолайлы оқу ортасы болғанын қалаймыз. Мектеп - қоғамның бір бөлігі. COVID-19 таралу қаупін азайту үшін қоғамда қабылданған шаралар мектептердегі қауіпті азайтады", - деді ол.

Реклама
Реклама

ДДҰ басшысы кей елде мектептер қайта ашылғанын атап өтті.

"Елдерді кез келген жағдайда қолдау үшін ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және ДДҰ кеше мектептерге қатысты денсаулық сақтау шаралары туралы жаңартылған нұсқаулық жариялады. (...) Мектептер жабық болған кезде білім беру қашықтан жүргізілуі керек", - деді Тедрос Аданом Гебрейесус.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram