27 ақпан 2022 | 10:03

Батыс елдері Ресейді SWIFT-тен ажыратуға келісті - Украина СІМ

© Reuters

Батыс елдері Ресейді жаһандық SWIFT төлем жүйесінен ажырату туралы келісімге келді және осы санкцияны енгізуге дайындықты бастады. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Facebook желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс елдері Ресейді жаһандық SWIFT төлем жүйесінен ажырату туралы келісімге келді және осы санкцияны енгізуге дайындықты бастады. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Facebook желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресми шешім әлі рәсімделмеген, бірақ шешім қабылдауға және осы санкцияны енгізуге техникалық дайындық басталды", - деп жазды Кулеба. 

Ол мыңдаған адамға, оның ішінде, осы шешімді қабылдау үшін үкіметтеріне қысым жасап жатқан украиналық диаспораға алғыс айтты.

Реклама
Реклама

"Бұл жеңісті украиналық дипломаттар Украинаны қорғаушыларға арнайды", - деді Кулеба.  

Сенбіде Еуроаймақ елдерінің бірінің орталық банкінің басшысы аноним түрде Reuters агенттігіне Ресейді SWIFT-тен ажырату туралы шешім бірнеше күн ішінде қабылданатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная