ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мамыр 2021 | 09:10
Батыс елдері тез арада Nexta негізін қалаушысын босатуды талап етті
Литва президенті Гитанас Науседа Белорусьтегі Nexta оппозициялық телеграм-арнасының негізін қалаушы Роман Протасевичті тез арада босатуды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Литва президенті Гитанас Науседа Белорусьтегі Nexta оппозициялық телеграм-арнасының негізін қалаушы Роман Протасевичті тез арада босатуды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Айтқысыз жағдай! Вильнюске ұшып бара жатқан азаматтық жолаушылар ұшағы Минскіге қонды. Ұшақта саяси белсенді және Nexta негізін қалаушы болған. Ол ұсталды. Бұл сұмдық жайттың артында беларусьтік жүйе тұр. Мен тез арада Роман Протасевичті босатуды талап етемін", - деп жазды Литва президенті.
Литва президенті Гитанас Науседа (ортасында). © Twitter/GitanasNauseda
Euronews мәліметінше, Протасевичті ұстауға қатысты әрекетті Еуроодақ сынға алған.
"Афинадан Вильнюске ұшып келе жатқан @Ryanair рейсін Минскіге тоқтатуға мәжбүрледі. Барлық жолаушы Вильнюске ұшуын жалғастыруға мүмкіндік алуы керек, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек. Халықаралық әуе жолы ережесін бұзған кез келген адам жауапкершілікке тартылуы керек", - деп жазды Еуроодақтың басшысы Урсула фон дер Ляйен Twitter желісіндегі парақшасында.
"Лукашенко - тек өз елінің азаматтарына емес, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік үшін қауіпті адам. Оның мемлекеттік терроризм актісі барлық еуропалық үкімет пен институттың жедел және қатаң реакциясын талап етеді", - деді Еуропалық халық партиясының көшбасшысы Дональд Туск.
Беларусь президенттігіне кандидат болған Светлана Тихановская бұл оқиғаны Протасевичке "репрессия" жасау үшін "ұшақты басып алу" деп атады.
"Мұның бәрі жүйенің ішкі оккупацияны ашып беріп отырған жазасыздықтың нәтижесі. Бұдан былай Беларусь арқылы ұшатын әлемнің бірде-бір адамына тіпті негізгі қауіпсіздікке кепілдік бермейді. Шынында да, бүгін Лукашенко жеке өзі халықаралық жанжал шығарды және Беларусь пен Еуропа елдерінің азаматтарына қарсы әскери авиацияны бір адамды қудалау мақсатында қолданды", - деді ол видеохабарламада.
Журналисті дереу босатуды АҚШ, Германия, Австрия, Польша және басқа батыс елдері талап етті.
Еске салайық, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған. "Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды", - делінген әуежай хабарламасында. Кейін бомба қойылды деген ақпарат расталмады.
Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также