ПОДЕЛИТЬСЯ
13 ақпан 2022 | 09:51
Батыс Украинаның әуе кеңістігін жауып жатыр - БАҚ
Дүйсенбіден бастап Украинаның әуе кеңістігі батыс сақтандыру компанияларының әрекеттеріне байланысты жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Страна.ua" сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүйсенбіден бастап Украинаның әуе кеңістігі батыс сақтандыру компанияларының әрекеттеріне байланысты жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Страна.ua" сайтына сілтеме жасап.
"Ұлыбританиялық сақтандыру компаниялары Украинаға әуе блокадасын енгізіп жатыр. Дүйсенбіден бастап Украинаға бірде-бір ұшақ кірмейді және ұшып кете алмайды", - деп жазылған басылымда дереккөзге сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, басқа халықаралық компаниялар сақтандырылатын ұлыбританиялық ірі сақтандырушылар 13 ақпанда ұшақтардың барлық әлемдік меншік иелеріне 48 сағаттан кейін Украинада кез келген әуе кемесі үшін сақтандыру өтемі қолданыстан шығады деген ресми хабарлама жіберген.
Порталға жеке ұшақ иелері де 48 сағат ішінде борттарындағы сақтандыру кепілдіктері жойылатыны туралы ақпарат алғанын хабарлаған, сондықтан әуе кемелері осы мерзім аяқталғанға дейін Украинадан кетуі керек.
Порталға сұхбат берген тағы бір адамның айтуынша, алғашқы проблемалар былтыр жыл соңында, украиналық тасымалдаушыға ұшақ лизингін ұсынатын еуропалық компания екі бортты ел аумағынан шығаруды талап еткенде басталған.
Ол батыс БАҚ-тары "Ресей шабуыл жасайтын күн" туралы ақпарат тарата бастағаннан кейін Украина ұшақтарына сақтандыруды тоқтату туралы шешім жылдам қабылданып кеткенін қоса айтты.
Сонымен қатар, еуропалық әуе нарығымен байланысқа шыққан порталдың тағы бір дереккөзі жақын арада Украина аумағынан көп ұшақ шығарылуы мүмкін екенін атап өтті, өйткені олардың барлығы жалға алынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также