04 маусым 2023 15:10

Байден АҚШ халқына үндеу жасады

Reuters

АҚШ президенті Джо Байден мемлекеттік қарыздың шекті мөлшерін көтеру туралы келісім америкалықтар үшін жақсы жаңалық деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Джо Байден мемлекеттік қарыздың шекті мөлшерін көтеру туралы келісім америкалықтар үшін жақсы жаңалық деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Президент сопақша кабинеттен үндеу жасады. Әдетте мемлекет басшылары ел үшін аса маңызды оқиға болғанда Ақ үйдегі Кеңсесінен байланысқа шығады. Бұл жолы да Байден Конгресстің қос палатасы атқарған жұмысты жоғары бағалап, дағдарысты болдырмадық деп отыр.

Бүгін Ақ үй басшысы Конгресс мақұлдаған заң жобасына қол қойды. АҚШ президенті ұлттық қарыздың шегін көтеру үшін келісімге қол жеткізген қос тараптың өздері қалағандай шешім болмағанын айтты. Бірақ қарапайым америкалықтар мүддесі барынша қорғалған дейді.

Реклама
Реклама

"Сонымен, бұл келісім не береді? Біріншіден, шығыстарды қысқартады. Алдағы 10 жылда бюджет тапшылығы 1 триллион долларға қысқарады және оған қоса 1,7 триллион долларды үнемдеген едік. Мен президенттігімнің алғашқы 2 жылында тапшылықты айтарлықтай төмендеттім. Маған дейінгі 4 жылда ол 8 триллион долларға дейін ұлғайған. Енді біз жағдайды өзгерте аламыз және ол Америка үшін жақсы", - дейді Байден.

Әдетте АҚШ президенттері аса маңызды мәлімдемені Ақ үйдегі сопақша кеңсесінен жасайды. Мәселен, Джордж Буш 2001 жылы 11 қыркүйектегі терракт кезінде, Барак Обама 2010 жылы Мексика шығанағында мұнай төгілгенде, Рональд Рейган 86-да "Челленджер" кемесі жарылғанда осы кеңседен халыққа үндеу жасаған. Ақ үй Джо Байденнің сопақша кеңседен сөйлегенін, егер мемлекеттік қарыздың шегі көтерілмесе, жағдайдың ушығып кетуі қауіпі болғанымен түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram