28 сәуір 2021 | 09:14

Байден АҚШ-тағы ең төменгі жалақыны екі есе арттырды

Фото ©REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден пандемия кезінде халықты қаржылай қолдау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Джо Байден пандемия кезінде халықты қаржылай қолдау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. 

Президенттік жарлықта федералды қызметкерлер үшін ең төменгі жалақыны сағатына 15 долларға дейін (шамамен 6,4 мың теңге) арттыру қарастырылған - бұл алдыңғы көрсеткіштен екі есе дерлік жоғары.

"Бұл бұйрық федералды келісімшарттардың үнемділігі мен тиімділігіне ықпал етеді, еңбек өнімділігін арттыру және жұмысшылардың денсаулығын, ақылақтық рухы мен ісіне күш-жігерін арттыру арқылы жақсы жұмыс істеу үшін салық төлеушілерге құндылық болады", - делінген Ақ үй хабарламасында.

Реклама
Реклама

Жарлыққа сәйкес ең төменгі жалақы қазіргі 10,95 доллардан келесі жылдың наурызына қарай шамамен 37 пайызға артып, инфляцияға сәйкес одан әрі өседі. Федералды агенттіктер жалақыны жаңа келісімшарттарға 2022 жылдың 30 қаңтарына дейін қосуға тура келеді. 

Шешім федералды қызметкерлердің әр түрлі санатына, тазалаушылар мен қызмет көрсетушілерден бастап, мердігерлер мен тамақтану саласындағы жұмысшыларға дейін қолданылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная