Байден Беларусьте Протасевичтің ұсталуына қатысты пікір білдірді

viewings icon
386
comments icon
0
@REUTERS @REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден журналист Роман Протасевичті босатуды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап.

АҚШ президенті Джо Байден журналист Роман Протасевичті босатуды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап.

Америка көшбасшысы Беларусьте Ryanair ұшағының мәжбүрлі қонуын халықаралық нормаларды қорлау ененін айтты, ол кінәлілерді жауапқа тарту шараларын әзірлеуді тапсырды.

"Бұл өрескел оқиға мен Протасевич мырзаны мәжбүрлеп түсірген болуы мүмкін видео саяси көзқарастарға да, баспасөз бостандығына да масқара шабуыл болды. Америка Құрама Штаттары бүкіл әлем елдерімен бірге оны босатуды, сондай-ақ Лукашенко режимі әділетсіз ұстап отырған жүздеген саяси тұтқынды босатуды талап етеді", - делінген Байден мәлімдемесінде.

Реклама
Реклама

Ол, сондай-ақ, өз командасынан кінәлілерді жауапқа тартудың тиісті нұсқаларын Еуропалық Одақпен және басқа да серіктестермен, халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта әзірлеуді сұрағанын айтты.

АҚШ президенті Беларусь халқын сөзсіз қолдайтынын айтты. 

"Мен негізгі құқықтары үшін күресіп жүрген белорустардың, соның ішінде Роман Протасевич сияқты журналистердің және Светлана Тихановская мен оның жұбайы Сергей Тихановский сияқты оппозиция жетекшілерінің батылдығы мен шешімдігіне қол соғамын. Америка Құрама Штаттары Беларусь халқына оның күресінде қолдау көрсетуді жалғастырады", - деді Байден.

"Өлім жазасына кесілуі мүмкін". Беларусьтік журналистің тағдыры әлем назарында

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная