22 қыркүйек 2021 | 09:04

Байден жаңа пандемияға дайындалуға шақырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: © REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясында сөйлеген сөзінде әлемдік қоғамдастыққа үндеу тастап, келесі пандемияға бірлесіп дайындалуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Джо Байден БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясында сөйлеген сөзінде әлемдік қоғамдастыққа үндеу тастап, келесі пандемияға бірлесіп дайындалуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Байден бүгінде әлемнің барлық елі таңдау алдында тұрғанын айтты.

"Біз адам өмірі үшін бірге күресеміз бе, COVID-19-ды жеңу үшін жиналып, келесі пандемияға қарсы тұру үшін барлық қажетті қадамдарды жасаймыз ба? Немесе вирустың жаңа, қауіпті нұсқаларына тап болғанда қолда бар құралдар мен білімді қолдана алмаймыз", - деді Ақ үй басшысы.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол Жердегі климаттың өзгеруіне байланысты қиын таңдау тұрғанын айтты. АҚШ көшбасшысының айтуынша, әлемдік қауымдастық шешім қабылдауы керек: табиғат құбылысымен бетпе-бет келуі немесе құрғақшылық, су тасқыны, өрт пен дауылдан зардап шегуі.

Байденнің сөзі CNBC Television YouTube-арнасында жарияланған.

Бұған дейін Байден АҚШ-тың әлемді жаһандық жылынудан қорғау үшін екі есе көп ақша жұмсайтынын айтқан болатын. Қолдау климаттық дағдарысқа қарсы күресте ең осал саналатын әлемнің дамушы елдеріне бөлінеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная