Байден "Жыл адамы" атанды

viewings icon 296
comments icon 0
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Time журналы бойынша Джо Байден мен Камала Харрис "Жыл адамы" атанды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Time журналы бойынша Джо Байден мен Камала Харрис "Жыл адамы" атанды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Алдын ала мәлімет бойынша, Джо Байден АҚШ-та өткен президент сайлауында жеңіске жетті. Ал Камала Харрис вице-президент болған.

Реклама
Реклама

Джо Байдан мен Камала Харристің "Жыл адамы" атанғанын әнші Брюс Спрингстин Twitter желісіндегі арнайы бейнероликте айтты.

Сонымен қатар, "Жыл адамы-2020" тізіміне Байденнің қарсыласы Дональд Трамп, АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы Энтони Фауки, медицина қызметкерлері және "Нәсілдік теңдік қозғалысы" кірді. Қозғалыс Миннеаполисте полиция қолынан қаза тапқан афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен соң құрылған.

Айта кетейік, 2019 жылы 16 жастағы швед экобелсендісі Грета Тунберг "Жыл адамы" атанған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная