ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қаңтар 2021 | 09:42
Байден Қазақстан туралы жазған ұлттық барлау экс-қызметкерін кеңесші етіп тағайындайды
АҚШ ұлттық барлау қызметінің бұрынғы мүшесі Андреа Кендалл-Тэйлор Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесте Ресей және Орталық Азия істері жөніндегі директор болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байден баспасөз қызметінің деректеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ ұлттық барлау қызметінің бұрынғы мүшесі Андреа Кендалл-Тэйлор Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесте Ресей және Орталық Азия істері жөніндегі директор болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байден баспасөз қызметінің деректеріне сілтеме жасап.
Бұрын Андреа Кендалл-Тэйлор барлау аға офицері, Ұлттық барлау кеңесінде Ресей және Еуразия жөніндегі ұлттық барлау қызметкерінің орынбасары болғаны хабарланады. Сондай-ақ ол Жаңа америкалық қауіпсіздік орталығында аға ғылыми қызметкер және трансатлантикалық қауіпсіздік бағдарламаларының директоры болған.
Кендалл-Тейлор Сан-Диего қаласында туған және Принстон университетінде Phd дәрежесін алған. Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің саяси ғылымдар кандидаты. Қазір ол Мэриленд штатындағы Бетесда елді мекенінде үш баласы және күйеуімен тұрады.
Routledge.com дерегіне сүйенсек, Кендалл-Тейлор 2010 жылы Каспий аймағындағы негізгі үш мұнай экспортшылары - Қазақстан, Әзербайжан және Түрікменстанның дамуындағы мұнай және газдың ролі және энергоресурстар Ресей, Қытаймен өзара қатынасқа қалай ықпал етітінін талдап, Caspian Energy Politics деген атаумен бірлескен диссертациясын жариялады.
Жаңа америкалық қауіпсіздік орталығының сайтында Кендалл-Тейлор диссертациялық жұмысын Қазақстан және Әзербайжанда қалып жазғаны айтылған.
Осылайша, Ақ үйде Ресей бойынша жеке лауазым пайда болды. Бұған дейін қазіргі президент Дональд Трамптың әкімшілігі Ресей мәселелерін европалық мәселелермен қосқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также