Байден құлап, табанын сындырып алды

Фото: ©REUTERS

АҚШ-та президент сайлауынан кейін өзін жеңімпаз деп жариялаған Джо Байден томографияға түсіп, табаны сынғаны анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости оның журналистер пулына сілтеме жасап.

АҚШ-та президент сайлауынан кейін өзін жеңімпаз деп жариялаған Джо Байден томографияға түсіп, табаны сынғаны анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости оның журналистер пулына сілтеме жасап.

"Компьютер томографиясы оның қаптал және ортадағы шыбық сүйегі жіңішке болып сынғанын анықтады", - деді репортерлер дәрігердің сөзін келтіріп.

Хабарламада енді Байденге бірнеше апта бойы арнайы аяқкиім киюге тура келуі мүмкін екені айтылған.

Реклама
Реклама

Байден сенбі күні өзінің иті Мейджормен ойнап жүргенде сүрініп кетіп, тобығын қайырып алды. Содан соң дәрігерге жүгінуге мәжбүр болған. Басында ортопед оның тек сіңірі созылғанын, сүйегі сынбағанын айтқан. Дегенмен ол саясаткерді қосымша тексерілуге жіберген.

Еске салайық, АҚШ-та президент сайлауы 3 қарашада өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша Байден жеңіс жетті. Қазіргі президент Дональд Трамп жеңілгенін мойындамай, бірнеше штаттың сотына шағымданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама