Байден мен Сунак бірлесіп жұмыс істеуге келісті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Риши Сунак АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Риши Сунак АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Байден Ұлыбритания премьер-министріне Ұлыбритания Американың ең жақын одақтасы болып қала беретінін айтты. Екі басшы да екі ел арасындағы ерекше қарым-қатынасты растады.

Ақ үй мәліметінше, екі көшбасшы Украинадағы қақтығысты талқылап, Украинаны қолдап, Ресейді жауапкершілікке тарту үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығы туралы келіскен.

Реклама
Реклама

"Сунак пен Байден сондай-ақ Қытай тудырған проблемаларды қалай шешуге болатынын талқылады. Бейжің мен Вашингтон геосаяси және экономикалық қарсылас ретінде бір-бірін бәсекелес ретінде қарастырады", - делінген Британ үкіметінің баспасөз хабарламасында.

Екі көшбасшы Солтүстік Ирландия мәселесін де талқылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама