15 сәуір 2022 | 09:03

Байден Украинаға баруға дайын екенін айтты

©REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға баруға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Daily Mail.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға баруға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Daily Mail.

Ақ үй басшысы оның әкімшілігі жоғары шенді шенеунікті Киевке жіберу туралы келіссөз жүргізіп жатқанын, артынша өзі де баруға дайын екенін айтты. 

Журналист кім баруы мүмкін екенін сұрағанда Байден тілшінің өзінен "Ал сіз дайынсыз ба" деп сұрады. Журналист Байденнің өзіне сұрақты қайталап: "Ал сіз ше" деп сұрағанда АҚШ президенті "Иә" деп жауап берді. 

Реклама
Реклама

Daily Mail мәліметінше, Байден Украинаға баруы туралы бұған дейін де бірнеше рет айтқан. Өткен айда Польшадағы америкалық әскерилермен кездескенде Байден Украина шекарасынан өте алмайтынын, себебі оған жол бермейтіндер барын айтқан. 

Еске салайық, бұған дейін төрт президент Киевке баратыны хабарланған болатын. Яғни Литва президенті Гитанас Науседа, Польша президенті Анджей Дуда, Эстония президенті Алар Карис және Латвия президенті Эгилс Левитс украин басшысы Владимир Зеленскиймен кездесу үшін Киевке барады. Польша президент әкімшілігі Украина астанасында төрт мемлекет басшылары Зеленскиймен кездесетінін растаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная