24 ақпан 2022 12:01

Байден Зеленскиймен сөйлесті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден ресейлік арнайы операцияны айыптап, АҚШ-тың келесі қадамдары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Джо Байден ресейлік арнайы операцияны айыптап, АҚШ-тың келесі қадамдары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақ үй басшысы Twitter-дегі ресми парақшасында Украина президенті Владимир Зеленский әлем көшбасшыларын "президент Путиннің ашық агрессиясына қарсы ашық сөйлеуге және Украина халқын қолдауға" шақыруды сұрағанын айтты.

Реклама
Реклама

"Президент Зеленский менімен байланысқа шықты, жаңа ғана сөйлесіп болдық. Мен ресейлік әскерилердің бұл негізсіз шабуылын айыптаймын және оған халықаралық реакцияны тудыру үшін жасалып жатқан қадамдар, соның ішінде бүгін кешке БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өтетінін айттым", - деді Байден.

Сондай-ақ, ол ертең, 25 ақпанда АҚШ, оның одақтастары мен серіктестері Ресейге қарсы қатаң санкциялар салатынын растады.

"Мен G7 көшбасшыларымен кездесемін, ертең АҚШ, одақтастарымыз бен серіктестеріміз Ресейге қарсы қатаң санкциялар салады", - деді Америка президенті.

Байден АҚШ Украина мен украин халқына қолдау мен көмек көрсетуді жалғастыратынын баса айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram