18 мамыр 2022 12:01

Байденнің Twitter-дегі оқырмандарының жартысы фейк болып шықты

SparkToro компаниясының аудит нәтижесі бойынша, АҚШ президенті Джо Байденнің Twitter-дегі оқырмандарының 49,3 пайызы фейк болып шықты. Бұл туралы "Известия" Newsweek басылымына сілтеме жасап хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

SparkToro құралы арқылы Джо Байденнің 22 миллион оқырманының жартысына жуығының мекенжайы мен суреті дұрыс болмағандықтан, бұл парақшалар жалған екені анықталған. 

Айта кетейік, 15 мамырда АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Twitter-ге енді ешқашан оралмайтынын, TRUTH Social атты жеке әлеуметтік желісін ашатынын мәлімдеген болатын. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 26 сәуірде SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Маск Twitter желісін сатып алғаны хабарланған болатын. Twitter компаниясы Маск әлеуметтік желіні 44 миллиард долларға сатып алатынын мәлімдеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram