10 мамыр 2023 | 11:17

Беларусь екі сотталушыны ​​Қазақстанға берді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Беларусь жазаны одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Беларусь жазаны одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Беларусь соты бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан Республикасының "К" және "М" есімді азаматтарын беру туралы сұранысын қанағаттандырған.

"Азамат "К" Белоруссияда аса ірі мөлшерде пара бергені үшін, азамат "М" жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны және ұрлық жасағаны үшін тиісінше 5 жыл және 7 жыл 6 айға сотталған. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аталған азаматтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная