09 тамыз 2021 | 12:05

"Беларусь халқы Лукашенконың тұтқынында" - Германия СІМ басшысы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: president.gov.by

Германияның сыртқы істер министрі Хайко Мас Беларусь президенті Александр Лукашенко бүкіл елді тұтқынына алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Германияның сыртқы істер министрі Хайко Мас Беларусь президенті Александр Лукашенко бүкіл елді тұтқынына алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Неміс саясаткері бұл пікірін былтыр Беларусьте өткен президенттік сайлаудың мерейтойы қарсаңында айтқан. Онда Александр Лукашенко алтыншы рет президенттікке қайта сайланған болатын. 

"Беларусь халқы Александр Лукашенконың тұтқынында. Мыңдаған азаматты бейбіт шерулерге байланысты тұтқындап, қамауға алып, азаптап және жер аударған мемлекет басшысы барлық саяси және моральдық құндылығынан айырылды", - деді Мас.

Реклама
Реклама

Осылайша, Германияның бас дипломаты ЕО президент ретінде мойындамайтын Беларусь үкіметі мен Лукашенконың әрекетін сынға алды.

"Германия мен Еуропалық Одақ Беларусь халқының жағында. Біз оның суға кетуіне жол бермейміз", - деді Мас.

Сонымен қатар, Еуроодақ өкілдері Беларуське қарсы санкцияларды алып тастау шарттарын атады.

"ЕО Беларусь билігі демократия мен заңдылық принциптерін толық сақтағанда, адам құқықтары бойынша міндеттемелерді орындағанда және репрессияны тоқтатқанда ғана санкцияларды алып тастау мүмкін", - деді ЕО сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Хосеп Боррелл.

ЕО санкцияларының қара тізіміне 166 адам кіреді, оның ішінде Лукашенко мен оның екі ұлы, сондай-ақ Беларусь басшысының үкіметімен байланысты оннан аса компания бар.

2020 жылғы 9 тамызда өткен президенттік сайлаудан кейін Лукашенко сайлауды бұрмалады деген айыптауларға қарамастан, 80 пайыздан аса дауыс жинап, президент болды. Оның қайта сайлануы жаппай наразылық туғызды, Беларусь тұрғындары "әділ және еркін сайлау мен саяси тұтқындарды босатуды" талап етіп көшеге шықты.

Сайлаудан кейін Беларусь пен батыс елдерінің қарым-қатынасы күрт нашарлады, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, АҚШ, Канада және басқа да бірқатар ел Беларусь шенеуніктеріне, сондай-ақ жекелеген кәсіпорындарға қарсы санкциялар қолдана бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная