ПОДЕЛИТЬСЯ
10 тамыз 2020 | 09:36
Беларусь қалаларында жаппай тәртіпсіздік орнады
Сайлау учаскелері жабылып, мемлекеттік экзитполдың нәтижесі жарияланғаннан кейін Беларусьтің бірнеше қаласында оппозиция тарапынан азаматтар шыға бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сайлау учаскелері жабылып, мемлекеттік экзитполдың нәтижесі жарияланғаннан кейін Беларусьтің бірнеше қаласында оппозиция тарапынан азаматтар шыға бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ел бойынша интернет пен мобильді байланысты кесілді. Тіпті мемлекеттік БАҚ-тың сайттары ашылмады. Қала көшелеріндегі шамдар да әр жерден сөндірілді.
У минской стелы применён слезоточивый газ — это основная точка сбора недовольных выборами. https://t.co/tamK6oMJ3t
— Игорь Пачковский (@Q0MT6pFmbVqynsM) August 9, 2020
Telegram-каналдардың хабарлауына қарағанда, Минскіде Жеңімпаздар және Машеров даңғылдарының қиылысында орналасқан "Минск - город-герой" стеласының алдына, сондай-ақ Жеңіс алаңына мыңдаған адам жиналған.
NEXTA Live деректеріне қарағанда, Немигте тұтқындарды тасымалдайтын үлкен көлік наразы топты қаққан. Зардап шеккендер бар, қайтыс болғандар да болуы мүмкін. "МБХ медиа" ОМОН жиналғандарды бос оқпен атып жатқанын атап өтті. РИА Новости наразы топтың ішінде жарақат алғаны бар, денесінде қан іздері бар деген ақпарат таратты. "Минск - город-герой" стеласының алдында қарулы күштер көзді жасаурататын газ пайдаланған. Зардап шеккендерге көмек көрсетілген.
Минск гудит, в городе собираются группы недовольных официальными результатами выборов. Столкновения в Минске.
— Игорь Пачковский (@Q0MT6pFmbVqynsM) August 9, 2020
По сообщениям СМИ, милиция применила светошумовые гранаты, а среди протестующих есть раненые. pic.twitter.com/CsTf50Zzt5
Еске салайық, мемлекеттік экзитполдың деректері бойынша, Александр Лукашенко президент сайлауында 79,7 пайыз, ал оның негізгі қарсыласы Светлана Тихановская 6,8 пайыз дауыс жинаған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также