ПОДЕЛИТЬСЯ
28 ақпан 2022 | 09:21
Беларусь ОСК референдум қорытындысын жариялады
Беларусь ОСК басшысы Игорь Карпенко референдумда азаматтардың 65,16 пайызы конституцияға өзгертулер енгізуді қолдап дауыс бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Беларусь ОСК басшысы Игорь Карпенко референдумда азаматтардың 65,16 пайызы конституцияға өзгертулер енгізуді қолдап дауыс бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Заңнамаға сәйкес, референдумға қатысушылар тiзiміне енгiзiлген азаматтардың жартысынан астамы өзгерістерді қолдап дауыс берсе, референдумда шешiм қабылданды деп есептеледi.
"Дауыс беру тізіміне енгізілген референдумға қатысушылардың 65,16 пайызы Беларусь Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолдап дауыс берді. 10,07 пайызы қарсы дауыс берді", - деді Карпенко.
Оның айтуынша, референдумға қатысушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жалпы саны - 6 815 667 адам. Алдын ала мәлімет бойынша, референдумға дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 78,63 пайызы қатысқан, яғни республикалық референдум өтті деп танылады.
Айта кетейік, 27 ақпанда таңертең Беларусьте конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум басталған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также